Материалдық-техникалық база

«Қарлығаш» балабақшасының материалдық-техникалық базасы бізден кейін баратын бастауыш сыныптарда қажетті балалардың қажетті шығармашылық қабілеттерін белсенді дамытуға, олардың таным-қызығушылықтарын ұштауға және дағдыларын қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Балаларды шынықтыру және олардың қозғалыс дағдыларын қалыптастыру үшін бізде футбол алаңы, спорт алаңы, «денсаулық соқпағы», жол қозғалысы ережелерін оқытуға арналған учаскелер, шағын бақша, ойын алаңдары, «Көңілді паравоз» аттракционы, велосипед айдауға арналған алаң, серуендеуге арналған орындар бар. Мұның барлығы балалардың таза ауада көңілді ойнап-күлулеріне арналған.

Педагогтар сабақтарында мультимедиялық интерактивті технологияларды белсенді қолданады:

  • Интерактивті сенсорлық тақта

  • Интерактивті еден

  • Интерактивті құм ойын алаңы

Канада-Эстония тәжірибесі бойынша тіл дамыту ісі жолға қойылған: балаларға материалдарды визуальды қабылдауларына көмектесетін «суретті қабырғалар» жасалған. Тіл үйрену топтарында орыс және қазақ тілді педагогтар жұмыс істейді, оған қоса балалар ауызекі ағылшын тілін үйренеді.

Итальяндық Реджио-life әдістемесі бойынша танымдық-тәжірибелік орта ұйымдастырылған. «Оpen-space», «жарық сәулесі», «тірі организмдер» қағидасы бойынша шығармашылық-тәжірибелік ателье ұйымдастырылған. Аква және гидропоника жүйесі, вертикальды клумбалар бар Green-студия жарақталған.

Ән-күй залы, хореография залы, оқу және сенсорлық кабинеттер, мерекелік шаралар өткізуге, спектакльдер қоюға, конференциялар өткізуге арналған зал бар.

Балабақша мүмкіндіктері шектеулі адамдардың да жүріп-тұруына бейімделген: дәретхана бөлмелері қажетінше жарақталған, арнайы автотұрақ, пандустар, күзетшілерді шақыруға арналған қоңырау түймелер, көзі нашар көретіндерге арналған арнайы жол бар.

Балабақшадағы қауіпсіздікті күшейту жөніндегі бірқатар шара қабылданған. Телехабар тарату, бейнебақылау, телефон жүйесі, локальды-есептеу желісі, өрт дабылы, өрт туралы хабарландыру жүйесі ұйымдастырылған. 

Тілдік орта
Бассейн
Животноводство
Детские площадки
Тілдік қабырғалар
Аква және гидропоника
Көлеңке театры
Интерактивті құм ойын алаңы
Көңілді паровоз
Жол жүру ережелері
Денсаулық жолы
Спорт алаңдары
Шығармашылық ателье
Сенсорлық бөлме
Интерактивті тақта
Интерактивті еден
Бақша