QARLYGASH 2019 І Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы, 2019 жылғы 19-20 қыркүйек

27.08.2019

19-20 қыркүйекте Нұр-Сұлтан қаласында мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеу және оқытудың заманауи тенденцияларына арналған «Қарлығаш-2019» І Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы өтеді.

 Конференция жұмысына Австралия, Беларус, Ұлыбритания, Грузия, Италия, Үндістан, Ресей, Украина, Финляндия және Эстония елдерінен жиналатын мектепке дейінгі білім беру саласының жетекші сарапшылары, ғалымдар мен практик-педагогтар мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеудің жаңашыл әдістемелерімен бөліседі.

Конференция жұмысына Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің, Нұр-Сұлтан қаласы Білім басқармасының, шетелдік жетекші университеттер мен мектепке дейінгі ұйымдардың өкілдерін қосқанда, барлығы 350-ден астам маман қатысады.

Конференция тәжірибе алмасу, «Қарлығаш» балабақшасының алдыңғы қатарлы тәжірибесін еліміздің мектепке дейінгі ұйымдарына тарату алаңы болмақ.

Ұйымдастырушы: Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының Медициналық орталығы

Өткізу орны: Нұр-Сұлтан қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 15, Hilton Garden Inn Astana» отелі.

E-mail:

Қосымша мәліметтермен және конференция бағдарламасымен мына сайттан таныса аласыз: https://forumkarlygash.kz/