Медициналық сүйемелдеу
Балалар денсаулығын сақтау және нығайту, сондай-ақ олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін жағдай жасау -бБалабақша қызметінің негізгі басымдығы.
Біздің балабақшамызда педиатр-дәрігер, аға медбике, сауықтыру жөніндегі медбике тәрбие-білім беру процесіне сапалы медициналық сүйемелдеу қызметін көрсетеді.
Сонымен қатар, балабақшада балаларға 5 рет тамақ беру ұйымдастырылған. Барлық тағамды балабақша асханасында кәсіби аспазшылар пісіреді.
Балаларды тамақтандыру Кәсіпорын директоры бекіткен және Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасы Медициналық орталығының санэпидқадағалау басқармасымен келісілген перспективалық маусымдық ас мәзірі (жаз-күз, қыс-көктем) негізінде жүзеге асырылады.
Денсаулығы мықты баланы тәрбиелеу және оның салауатты өмір салтын қалыптастыру үшін ата-аналарға сауықтыру, күн тәртібі, қозғалыс белсенділігі, мәдени-гигиеналық дағдыларды қалыптастыру мәселелері бойынша бірыңғай тәсілдерді сақтау ұсынылады.
Инфрақызыл сауна, «массаж жолдары» және «денсаулық соқпағы» сияқты әдістерге негізделген профилактикалық-сауықтыру шаралары, фитотерапия, Стрельникованың әдісі бойынша тыныс алу гимнастикасы, физиопроцедуралар, аяққа су құю, жылдың жаз мезгілінде сумен ойнау сияқты процедуралар балабақшадағы дене шынықтыру-сауықтыру жұмыстарының ажырамас бөлігі болып табылады.
Сонымен қатар төмендегідей денсаулық сақтау технологиялары қолданылады:
•"Айкүне" сауықтыру гимнастикасы
• "Ригалық" шынықтыру әдісі
• Немістің Кнайп технологиясы бойынша сауықтыру
• Білім беру кинезиологиясы